Родителям ақпарат
«М.Бейсебаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
қамқоршылық кеңесінің отырысының жиналысының
№1 хаттамасы
Қатысқандар:
Попечительский совет төрайымы, мектеп директоры – Г.Б.Бердибекова;
Попечительский совет төрайымының орынбасары ауыл ақсақалы – А.Көшербаев;
Попечительский совет хатшысы, оның іс-қағаздарын жүргізуші қазақ тілі пәні мұғалімі – А.Баятанова;
Попечительский совет мүшелері – Н.Мамедова, С.Тойымбетова, Т.Искаков, Ә.Төлеген;
Мектеп әкімшілігі – 8;
Ата-аналар – 150;
Жеке кәсіпкер – Д.Тоқпақбаев.
Өткізілген мерзімі: 06.09.2017 жыл.
Уақыты: 10.30
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
МОН РК 5 күндік оқу аптасын енгізудің ең маңызды механизмдері жайлы түсініктеме
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңес төрайымының орынбасары, ауыл ақсақалы: А.Көшербаев сөз алып, МОН РК 5 күндік оқу аптасын енгізудің ең маңызды механизмдері жайлы түсініктеме беріп өтті. 5 күндік оқу аптасына келер болсақ, оның енгізілуі үшін министрлік тарапынан барлық жағдай жасалып отыр. Бұл тұста ерекше атап өтер жайт – оқу жылының ұзақтығы өзгермей, үйреншікті тәртіп сақталады. Оқу жылы еш өзгеріссіз, қыркүйекте басталып, әдеттегідей 25 мамыр күні аяқталмақ. ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Орта білім беру ұйымдарында 2017-2018 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» бұйрығы маусым айында шықты. Онда оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында – 32 оқу аптасы, 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 сыныптарда – 34 оқу аптасы деп белгіленген.
Каникулдар ұзақтығыда өзгермейді. 1-11 сыныптарда күзгі каникул – 7 күн, қысқы – 10 күн, көктемгі 13 күн. Мектепалды даярлық сыныптарында күзгі каникул – 7 күн, қысқы – 14 күн, көктемгі – 15 күн, сондай-ақ бүлдіршіндер үшін 1-7 ақпан күндері аралығында 7 күндік қосымша каникул белгіленгендігі айтылды.
Жарыссөз:
Жарыссөзге қамқоршылық кеңес төрайымы, мектеп директоры: Г.Б.Бердибекова сөз алып, МОН РК 5 күндік оқу аптасын енгізудің ең маңызды механизмдеріне тоқталды. 5 күндік білім беру жүйесінде балалар жүктемесін азайту бағытында да жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Былтыр ата-аналар қоғамдастықтары мен сарапшылардың ұсыныстары бойынша домтапсырмаларының көлемі азайтылды. Министрлік домтапсырмаларын орындау бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекітті. Демек, домтапсырмаларын орындауға жұмсалатын уақыт, бұрыңғы жағдаймен салыстырғанда үштен бір бөлікке қысқармақ. Үй тапсырмасын орындауға 2 сыныпта 50 минуттан, 3-4 сыныптарда 70 минуттан, 5-6 сыныптарда – 90 минуттан 7-9 сыныптарда – 110 минуттан, 10-11 сыныптарда – 130 минуттан аспауы тиіс. Үй тапсырмалары мереке күндеріне және каникулдық кезеңдерде берілмейді. Тек көркем әдебиетті оқуға, жобалық жұмыстарды орындауға, математиканы тереңдетіп оқуға арналған есептерді шығаруға, сондай-ақ, 1-сынып оқушыларының 2-жартыжылдықтан бастап оқу дағдыларын жақсартуға қатысты тапсырмалар ғана ерекше жағдайлар ретінде қарастырылған. Сонымен қатар, жаңа оқу жылынан бастап, сабақ ұзақтығы 40 минут болмақ. Мұндай тәртіп Назарбаев зияткерлік мектептерде қалыптасқан. Демек, 40 минуттық сабақ кестесінде күніне 30 минут уақыт «босайды». Сондықтан, қосымша сабақ қосылған жағдайдың өзінде оқушылар мектепте әдеттегіден тек 10 минут артық өткізіп, жүктемесі айтарлықтай өзгермейтіндігін айтып өтті.
Жарыссөз:
Жарыссөзге мектеп директорының оқу ісі орынбасары Г.К.Игсатова сөз алып, 5 күндік оқу аптасы жағдайында оқу бағдарламаларына тоқталды. Оқу бағдарламалары мен әрбір пәнді меңгеруге бөлінген сағаттар саны өзгермейді. Жаңа санитардық ережелер бойынша мектептердің 1-11 сыныптарында 5 күндік оқу аптасын енгізуге рұқсат берілді. Бұл жалпы орта білім беретін және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің барлығына да қатысты. Школыдегі оқу жүктемесінің көлемін 5 күндік оқу аптасына бөлу оңай. Гимназиялар мен лицейлердегі жағдай біршама күрделірек. Бүгінгі жалпы білім беретін мектептердегі үлгілік оқу жоспарына сәйкес, 1-11 сыныптардағы апталық оқу жүктемесінің максималды шамасы 24 сағаттан 39 сағатқа дейінгі мөлшерде. Жаңа санитарлық ережелерде осындай жүктеме қарастырылған. Ал, күнделікті жүктемені, басқаша айтқанда – күніне сабақ болу керектігін, әр мектеп, өз мүмкіндіктері мен жағдайын ескере отырып, өздігінен белгілейді. Әрине, сабақтар кестесі ата-аналар комитетімен келісілуі тиіс. Бұл да мектептерде құрылып жатқан қамқоршылық кеңестерінің, жалпы қоғамның өкілеттілігі мен жауапкершілігінің жылдан-жылға артып келе жатқанының белгісі екендігін айтып өтті.
Жарыссөз:
Жарыссөзге мектебіміздегі жалпы ата-аналар комитетінің төрайымы Мамедова Н.М. сөз алып, 5 күндік оқу аптасын енгізудің негізгі мәніне тоқталып өтті. 5 күндік оқу аптасын енгізудің негізгі мәні – балалармызға 2 күндік демалыс беру. Балаларымыз 5 күндік білім беру жүйесіне көшетін болса, 2 күндік демалыс күнінде өздеріне қажетті шығармашылықпен айналысар еді. Сонымен қатар оқушылардың білімге деген қызығушылығы артады деп ойлаймын. Және ата-аналар бір ауыздан 5 күндік оқу аптасын қолдайтындығын айтып өтті.
Қаулы:
1.ҚР БҒМ 5 күндік оқу аптасы қолданысқа енгізілсін.
Попечительский совет төрайымы: Г.Бердибекова
Попечительский совет хатшысы: А.А.Абдуллаева