Абдигалиева Алима Беркинбаевна » Масымхан Бейсебаев атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Бейсебаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
сентябрь
2023

Абдигалиева Алима Беркинбаевна

Өмірбаян

         Мен, Абдигалиева Алима Беркинбаевна, 15 желтоқсан 1989 жылы Алматы қаласында дүниеге келдім. 

Ұлтым – қазақ. Қазақстан Республикасының азаматымын.

1996 жылы Торғай облысы Арқалық қаласының Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының 1-ші сыныбына қабылдандым. 1998 жылы Алматы облысы Қарасай ауданының М.Бейсебаев атындағы орта мектебінің 4-ші сыныбына барып, 2006 жылы мектепті бітірдім. 

2006 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің филология факультетінің «орыс тілі мен әдебиеті» мамандығына оқуға түсіп, 2010 жылы үздік дипломмен бітірдім. Сол жылы аталған университеттің «орыс филология» мамандығы бойынша магистратураға түсіп, 2012 жылы үздік дипломмен аяқтадым. Гуманитарлық бағыт бойынша филология ғылымдарының магистрімін. 

2011 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің филология факультетінің «орыс және әлем әдебиеті» кафедрасының жетекші маманы болып жұмыс атқардым. 

2012 жылдан бастап 2016 жылға дейін Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің филология факультетінің «орыс және әлем әдебиеті» кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істедім.

2016 жылы Алматы облысы Қарасай ауданының М.Бейсебаев атындағы орта мектебіне орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып жұмысқа қабылдандым. 2020 жылы осы аталған мектептің директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалдым. 2022 жылы директордың оқу ісі меңгерушісі болып тағайындалдым.

2023 жылдың 01 наурыз күнінен бастап М.Бейсебаев атындағы орта мектебінің директоры болып тағайындалдым. Қазір сол лауазым бойынша міндеттерімді атқарып келемін. 

Отбасы жағдайым – тұрмыстамын, жұбайым және 4 балам бар.